Төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
Бүгін Тараз қаласының орталық алаңында «Жер-2025» республикалық командалықштабтық оқу-жаттығуы аясында жедел әрекет ету жасағының саптық байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков қатысушы құрылымдардың дайындығын тексеріп, жеке құрам мен техникалардың жай-күйі бойынша тиісті қызмет басшыларынан есеп алды. Саптық байқауға 88 маман мен 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қатысушылардың материалдық-техникалық жабдықтары, байланыс және құтқару құралдары көрсетіліп, олардың төтенше жағдай кезінде қолдануға толық дайын екені анықталды. Мақсат – түрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру.
Aq jol-Aqparat.