Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам қаза тапты
UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі
Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады.
27 шілдеде сағат 08:50-де "Алматы-Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожолының 299 км-де "Toyota Land Cruiser 200" автокөлігінің жүргізушісі жол апатына түскен.
Жол апаты салдарынан көлікте болған төрт адамның екеуі қаза болды, екеуі ауруханаға түсті. Ауруханаға түскендер – Рахмоновтың әйелі мен баласы.
Қазіргі уақытта "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.