Жанашырлық бар жерде, нәтиже бар
«Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері»,– депті әйгілі ақын Олжас Сүлейменов. «Мәдениеті мықты елдің мәртебесі биік» — деп халық бекер айтпаса керек. Бұл нақыл сөздің астарында терең мән, үлкен мағына жатыр. Әсіресе, ауыл мәдениеті – ауылдың бет-бейнесі, рухани келбеті. Халықтың тыныстіршілігі мен рухани өмірі осы мәдениет ошақтарында көрініс табатыны анық.
Ауылдағы мәдениет ошақтарына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі, таланттардың көпшілігі сол ауылда жүрген, бойында қазақылық тұнған жастардан шығады. Осы мәселені жақсы түсінген Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың материалдық – техникалық базаларын жаңартып, музыкалық апараттар мен қажетті құралдарды жаңартуда. Бұл мәдениет саласы қызметкерлерінің қуанышын еселей түсті.
Атап айтқанда, музыкалық аппаратуралар, сахна перделері мен жарық жүйелері, сахналық кілемдер мен жолақтар, көрермен залының заманауи орындықтары, әдістемелік бөлмеге жаңа жиһаздар, үйірме қатысушыларына арналған орындықтар, «Домбыра» үйірмелеріне – домбыралар, «Қолөнер» үйірмелеріне – тігін машиналары, ағаш оятын аспаптар, «Би» үйірмелеріне – ұлттық би киімдері берілді. Мұндай жанашырлық ауылдық мәдениет ошақтарына серпін сыйлайтыны анық. Мәселен, Аққұм ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Болсынбек Аманбаев.
Осындай жанашырлық бар жерде істің оңға басатыны анық.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Талас ауданы