Мәдениет ошағы – ауылдың рухани айнасы
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Белбасар ауылында бой көтерген жаңа жүз орындық ауылдық мәдениет үйі ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында халық игілігіне берілген мәдениет ошағы заман талабына сай материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
Ауыл тұрғындарын жаңа ныс анның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы мәдениет ошағы қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуға маңызды бағытталған құрылым екендігіне тоқталды.
Айта кетейік, бүгінде облыста мәдениет саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Бүгінде өңірде аталған салада 500-ден аса мекеме қызмет көрсетуде. Өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 8-і пайдалануға берілген. Шу ауданында да осы салада оң өзгерістер бар. Ауданда шығармашылық бағыттағы 71 үйірмеге мыңнан аса тұрғын қатысады.
Нұрболат АМАНБЕК