Қоғам

Рақымшылық: Тараздағы түзеу мекемесінен үш азамат босатылды

Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған Рақымшылық туралы Заң шеңберінде өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен үш азамат еркіндікке жолдама алды.

ҚАЖ қызметкерлері бұл күні бостандыққа шыққан жергілікті бір азамат пен алматылық қос тұрғынға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертті. Сондай-ақ олар сотты болған азаматтардың алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, дәл осы мекемеден бұған дейін де үш бірдей азамат босатылған еді. Жалпы, мұнда бас-аяғы 86 адам жазасын өтесе, оның 16-сы рақымшылыққа ілінген.