Аймақ

Сапасыз тауарды айырбастауға байланысты шағым көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «2025 жылдың 1-жартыжылдығы: тұтынушылар құқығын қорғау және сауда саласындағы атқарылған жұмыстар» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті. Оған Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Байқадам Дүйсенбаевтің айтуынша, 2025 жылдың 6 айында облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 742 өтініш келіп түскен. Өтініштер саны өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда 214 өтінішке артқан.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша 580 өтініш, сауда қызметі саласы бойынша есепті кезеңде 162 жазбаша өтініш келіп түскен. Сондай-ақ департаментке келіп түскен жазбаша өтініштердің жалпы саны 466 өтінішті құрап, мамандармен азаматтарды қабылдауға 82 адам, басшымен азаматтарды қабылдауға 4 тұтынушы қайырылған. Ал жедел желі телефонына 160 қоңырау шалынып, жеделхатқа 30 өтініш келіп түскен.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ