Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
Эндометриоз – бүкіл әлем бойынша шамамен 176 миллион әйел ауыратын гинекологиялық ауру. Бұл мақалада халықты осы ауру, оның диагностикасы және емі туралы ақпараттандырып, қалай шипа табуға болатыны жөнінде сөз қозғамақпыз. Эндометриоз туралы толығырақ №8 қалалық емхананың акушер-гинекологы Бағила Байназарова айтып берді.
Эндометриозды анықтау қиын. Егер әйел адамда белде немесе тік ішек аумағында қатты ауырсыну болса, бұл эндометриоздың салдарынан болуы мүмкін. Дегенмен мұндай ауырсынулардың себебі көптеген ауруға тән. Сондықтан аурудың белгілеріне қарап, еш тексерілусіз тура қандай ауру екенін дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті тұрақты түрде алты ай сайын гинекологтың тексеруінен өтіп тұру керек. Оның үстіне аталған гинекологиялық патология дәрігерлердің айтуынша, жыл өткен сайын жасарып келеді екен.
Эндометриозды емдеудің дәрі-дәрмекпен және хирургиялық ота арқылы емдеу әдісі бар. Дәрідәрмекпен емдеуді өз бетіңізше қолдануға болмайтынын тағы бір ескертеміз. Эндометриоздың алдын алудың басты шарты, басқа аурулардың алдын алу сияқты, салауатты өмір салтын ұстану. Жатыр – қанды айдайтын бұлшықет. Ол жүрек және бүкіл дене сияқты дұрыс жұмыс істесе, зат алмасу, оттегімен қамтамасыз ету де қалыпқа келеді.
Стрестен барынша сақтану, дұрыс тамақтану және ұйқы, спортпен шұғылдану – осының бәрі өте маңызды. Ең болмағанда, көбірек жаяу жүру керек. Мәселен, егер сіз үшінші қабатта тұрсаңыз, мүмкіндігіңізше, жеделсатымен жүргеннен гөрі, жаяу көтеріліп-түскен дұрыс екен.
Заманауи медицина мамандарының зерттеулеріне сәйкес, көп жағдайда бала тууға байланысты проблемалардың туындауына уақытылы анықталмаған эндометриоз себепші. Сондайақ бұл ауру асқынған жағдайда, толық бедеулікке әкелуі де мүмкін. Сондықтан жыл сайын наурыздың 13-інде барша әйел атаулыны уақытында медициналық мамандарға, соның ішінде гинекологқа қаралуға шақырады. Диагноз неғұрлым ерте қойылған жағдайда, ауруды емдеу соғұрлым жеңіл болатынын ұмытпаңыз.
Жалпы, бұл аурумен қызкеліншектердің басым бөлігі ауырады. Осындай аурумен науқастанып жүрген Дәмелі Шырыновамен сөйлестік.
Эндометриозды диагностикалау және емдеуді көптеген факторлар қиындатады, соның ішінде адамның эндометриозының ауырлығын немесе ауырсынуының ауырлығына қалай әсер ететінін болжау мүмкін емес. Эндометриоздан туындаған ауырсыну мен бедеулік іштің немесе жамбас аймағында жиналатын адгезиялар деп аталатын зақымданулар мен тыртық тінінің нәтижесі болып табылады. Бұл тыртық тіндері ішкі ағзалардың біріктірілуіне және олардың қалыпты күйінен шығарылуына әкелуі мүмкін, бұл қатты ауырсынуды тудырады.
Дегенмен эндометриоздың жеңіл жағдайлары бар кейбіреулер де қатты ауырсынуды сезінуі мүмкін, ал ауыр жағдайларда басқалары мүлде ауырсынуды сезбейді. Бұл ұрпақты болу нәтижелеріне де қатысты. Кейбіреулер оңай жүкті бола алады, ал басқалары ешқашан биологиялық бала туа алмайды. Симптомдардың қалай көрінетініне қарамастан, емделмеген жағдайда эндометриоздан туындаған жаралар мен адгезиялар жатырды, аналық бездерді немесе ішек пен қуық сияқты басқа органдардың бөліктерін алып тастауға әкелуі мүмкін.
Қазіргі кезде лапароскопия эндометриозды диагностикалау мен емдеудің ең дәл әдісі болып табылады. Себебі басым көпшілік жағдайларда диагнозды-гистологиялық растау көзделеді. Басқа әдістердің алдындағы лапароскопияның артықшылығы жоғары айыру қабілеті бар және зерттелетін объектілерді ұлғайтатын оптикалық жүйені пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл қарапайым тексеру кезінде байқалмайтын эндометриоз ошақтарын көрсетуге, дәл тілік жасауға мүмкіндік беретін микрохирургиялық техниканы пайдалана отырып операция жасауға мүмкіндік береді. Минималды инвазия мен операциялық жарақат құрсақ қуысында жабыспалардың пайда болуының алдын алады, бұл балиғаттық жастағы емделушілердің сыртқы жыныс ағзаларына реконструктивтік операциялардан кейін аса маңызды.
Эндометриоз туралы хабардарлықты тарату ерте диагностика мен емдеу үшін өте маңызды және зерттеулерді қаржыландыруды арттыруға көмектеседі. Бір күні эндометриозбен ауыратындардың ешқайсысы үнсіз азап шегуге мәжбүр болмайды деп үміттенеміз.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА