Денсаулық

Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды

«Өмір» медициналық орталығының ең мақтаулы дәрігерінің бірі – Тілеулес Қожахунов. Өз ісіне адал, 24 жылдық тәжірибесі бар білікті эндокринолог дәрігер. Оның емін алып жатқан науқастармен тілдескенімізде Тілеулес Жомартұлын өз ісіне деген жауапкершілігін, мейірімділігін, тағы да басқа қасиеттерін айтып тауыса алмады. Зейнет жасындағы ем алушы Айсұлу Базарбаеваны қалқанша безі ауруы мазалап жүргеніне жеті жыл болыпты. Емді осы ауруханадан алады екен. Ол «Сөзге сараң, бірақ өз ісіне берік Тілеулес дәрігерден ем алғаныма қуанамын», – деді.