Әлеумет

Тоқсан жаста да кітап оқуды тоқтатпаған

Елге білімнің шапағатын шашқан даналар адам ойлаудан қалған күні дамудан да қалатынын айтқан. Ал ойды ойға жетелейтін құндылық – кітап. Көкірегіңе сәуле құйып, біліміңе білім қосатын көркем шығарманың орны бөлек. Кітап оқу жас таңдамайды. Оқуға ниеттенудің ертекеші жоқ. Біз оны Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылына барған кезімізде тағы да аңғардық. Бұл ауылдың көздері шырақтай жанып тұрған жас азаматтарын айтпағанда, 90 жастағы ақсақалына дейін кітап оқудан жалықпаған екен. Соның бірі жасы 90-ның ауылына тақаған, тыл ардагері Молдахан Тұтқабаев. Ақсақал біз барғанда жазушы Зейтін Ақышевтың «Шындықтың шыбығы» атты көптомдық кітабын оқып жатыр екен.