Мойынқұм
Мойынқұм
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Асанбеков, бас маман Г.Саңрақбаева ҚР Салық кодексінің 439-бабына сәйкес шаруа қожалықтары үшін АСР-ді (арнаулы салық режимін) қолдануға шектеу қарастырған жаңа тармақпен толықтырылғанын, бұрын қолданылып келген бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған ереже алынғандығын, Салық кодексінің 442, 446, 447, 493, 496, 498-баптарына өзгерістер енгізілгенін, осы өзгерістерге орай қоршаған ортаға бірыңғай жер салығын төлеушілер эмиссия үшін төлемақы төлеуден босатылғанын, соған сәйкес 2015 жылдан бірыңғай жер салығы мөлшері ұлғайтылғанын атап өтті.