«Қазсушар» 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Облыс әкімдіктері қазіргі таңда 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жалғасуда.
Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл әкімдіктер 10 облыста 105 гидротехникалық нысанды зерттеуді жоспарлап отыр. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.