Қоғам

Тұңғыш түлектерге диплом тапсырылып, жаңа өмірге жолдама берілді

Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті өзінің алғашқы түлектеріне салтанатты жағдайда диплом тапсырды.

Мерекелік іс-шара барысында студенттерді университет ректоры Кәмшат Маратқызы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Зұлқарнайұлы, Амаnаt партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы құттықтап сөз сөйледі.

2025 жылғы түлектерге арналған дәстүрлі «Үздік түлек» мерекелік ісшарасы салтанатты түрде өтіп, диплом табыстау рәсіміне университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты.

Ал Мұқаш Зұлқарнайұлы түлектерге диплом табыстап, жастарға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Ол жастарды үздіксіз білім алуға шақырып, болашақта биік белестерге жетуін тіледі. Іс-шараның есте қалар сәттерінің бірі – ұстаздардың марапатталуы болды. Университет ректоры Кәмшат Маратқызының ұсынуымен университтің осынау оқу орнының төрт ұстазы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, 13 оқытушы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатына ие болды.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ