Таластың кәсібін өрге сүйрейтін төрт жоба туралы не білеміз?
Талас ауданының экономикасына серпіліс әкелген серпінді жобалар көп. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың айтуынша, биыл өңірде өндірілген өнеркәсіп өнімдері 12,9 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,6 пайызға орындалған. Оның 3,1 миллиард теңгесі кен өндіру және карьерлерді қазу, 8,5 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, 1,3 миллиард теңгесі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, ал 70,2 миллион теңгесі сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне тиесілі. Ал ауданның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 11,3 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 234,9 пайыз болған.
450 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған
Биыл 56 техника сатып алу жоспарланған
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер бар. Айталық, есепті мерзімде, ауыл шаруашылығы өнімі 4 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 102 пайызға орындалған. Аудан әкімінің айтуынша, қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша, жалпы мал басы 491 993 басқа жеткен. Өткен жылдың төрт айымен салыстырғанда 32 854 басқа, яғни 7,1 пайызға өскені байқалады. Бүгінгі күні 7 695 бас бұзау, 56 384 бас қой-ешкі, 2 962 бас құлын, 254 бас бота, 98 бас торай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізіліпті.
Көктемгі дала жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілген. Осы жылдың өнімі үшін егіс алқаптарына 694 тонна тыңайтқыш сіңірілген. Ал аудандағы егістік жер көлемі 22 359 гектар алқапты құрайды. Оның 12 667-і суармалы, 9 692-сі телімді алқаптар. Биыл 12145 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Мұның ішінде күздік бидай 4500, көпжылдық шөп 4125 гектар алқапты алып жатыр.
Бұдан бөлек, 3520 гектар алқапқа арпа, мақсары, күнбағыс, картоп, бақша, көкөніс, пияз, қант қызылшасы, жоңышқа мен жүгері орналастырылған. Егіс алқаптарын өңдеу және өнім жинау жұмыстарына 812 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Оның 7-і комбайн, 323-і трактор, 482-і ауыл шаруашылығы тіркемелері.
Биыл 56 техника алу жоспарланған. Өткен төрт айында үш трактор, бес ауыл шаруашылығы тіркемесі сатып алынған. Егіс алқаптарын ылғалдандыру барысында атқарылып жатқан жұмыс та баршылық. Мәселен, биыл 519 гектар алқапты тамшылатып және жаңбырлатып суару көзделген болатын.
Бүгінгі күні «Зерхат» шаруа қожалығы – 190, «Рәтбек» – 35, «Нұрдаулет» – 100, «Демеш» – 55, «Мирас» шаруа қожалығы – 10 гектар алқапты жаңа технологиямен ылғалдандыруда.
Үй кезегінде 1271 адам тұр
Соңғы жылдары құрылыс саласында айтуға тұрарлық жобалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Аудан әкімінің айтуынша, ауданда таза ауыз су жүйесін, спорт кешендерін, жылыту қазандықтары мен жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының көлемі 2,6 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 233,4 пайызға орындалған. Бүгінгі күні ауданда үш елді мекеннің және «Флора» саяжайының таза ауыз су жүйесінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ басқа да жоспарланған құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
23 елді мекеннің 17-сі көгілдір отынмен қамтылған Елді мекендерді көгілдір отынмен, таза ауыз сумен қамту жұмыстары да ауданда жалғасын тауып отыр. Мәселен, аудандағы 23 елді мекеннің 17-сі көгілдір отынмен қамтылған. 2027 жылдың соңына дейін ауданда газдандыру жұмысын аяқтау межеленген.
Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 704 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Ондағы құрылыс жұмыстарын «АқБарысСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Сонымен қатар, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша жеткізуші газ құбырының құрылысына республикалық және аудандық бюджеттен 555,6 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Газ-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде, нысан алдағы жылға өтпелі. Аталған ауылдарға ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына жобалық-с емт алық құжатт ары әзірленген, жоба құны 995,8 миллион теңгені құрады. Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына жобалықсемталық құжаттары әзірленген, жоба құны – 1261 миллион теңге.
Бұл жобаларды іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілген. Қаратау қаласындағы мазут шаруашылығын қайта құру жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 451,9 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қаратау қаласындағы жылу желісінің №1 бөліміне ДЮЦ-тан А.Байтұрсынов мектебіне және «Тамды-Аулие» көшесіндегі №3 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 225,5 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер – «Тараз Даниял и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында аудандағы С.Шәкіров ауылындағы 4 көшеге (Қонаев, Шәкіров-1, Шәкіров-2, Жылымбетов), Аққұм ауылындағы 3 көшеге (Сейфуллин, Тоқтықожаұлы, Рысқұлов), Ойық ауылындағы 1 көшеге (Рысқұлов), Ақкөл ауылындағы 2 көшеге (Шәкіров, Қонаев) және Бостандық ауылындағы 2 көшеге (А.Құнанбаев, Байжанов), барлығы 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 212,4 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Сонымен қатар Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион теңге (жоба құны 277,9 млн. теңге) және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге (жоба құны 471,3 млн.теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Оның құрылыс жұмысын «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізі үстінде.
Бұл нысандар алдағы жылға өтпелі. Ал өткен жылдан өтпелі Бостандық ауылындағы спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 427,1 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 562,0 миллион теңге, 2024 жылы 111,1 миллион теңге бөлінген. Мердігер – «Әл-Мансұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Көшелерді жөндеуге аудандық бюджеттен 868,1 миллион теңге бөлінді
Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жайына тоқталсақ, аудандағы 23 елді мекеннің 20-ы орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл Қожағаппар (мердігер – «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС), Сейілбек (мердігер – «Пырақ Құрылыс» ЖШС) елді мекендерінде су құбырының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне берілді. Қараой ауылында (мердігер – «Байсын-А» ЖШС) су құбырының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 267,2 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Арал және Қайыр ауылдарын таза ауыз сумен жабдықтауға арналған модульдік контейнерлік блоктарын орналастыруға облыстық бюджеттен 72,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Қаратау қаласындағы Флора саяжайын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 50 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Талас ауданы