Ұстаздар Ыстықкөлге демалуға кетті
Білім қызметкерлері кәсіподағы ұстаздардан құралған 300 сала өкілін Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөлде демалуға жіберді
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбековтың айтуынша, биыл Алакөл жағалауына 500-ге жуық, ал Ыстықкөлге 1100 сала өкілі мен олардың отбасы мүшесін сауықтырумен қамту жоспарланған.
Демалысқа шығып бара жатқан демалушының бірі Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Оспанова.
Ал кәсіподақ ардагері, жамбылдық Қайрат Отарбаев бұл демалысқа жұбайы Зайрамен бара жатқанын айтты.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Доссерік Ахатаев та бұл саяхатқа отбасымен шығыпты. Салада 10 жылдан аса еңбек етіп, колледждегі кәсіподақ ұйымын басқарып келе жатқан ол Ыстықкөлге бірінші рет бара жатқанын айтты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ