Аймақ

Тендерден 898,9 миллион теңге үнемделген

Сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті. Оған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты. Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25- 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.