110 құрылыс нысаны тексеріліп, 224 әкімшілік іс қозғалды
Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев жергілікті БАҚ өкілдері алдында басқарманың қорытынды жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы облыс көлеміндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жалғыз салалық бақылаушы орган.
Профилактикалық жұмыстар бойынша басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды жүзеге асыруда.
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты тапсырыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 122 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына ескертілсе, бүгінгі күнге дейін 17 лицензия берілген.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА