Бөлімше командирі – Мақсат
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің гарнизонында өз ісінің нағыз кәсіби мамандары қызмет атқарады. Солардың бірі – Тараз қаласындағы Халық қаһарманы М.Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Мақсат Байкубек.
Мақсат жауапкершілікке, ерлікке және адалдыққа негізделген жолды таңдаған жан. Ол 2013 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанып, одан кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультетін сәтті тәмамдаған. Білім ала жүріп, 2015 жылы азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын бастады.
.Байкубек жоғары тәртіптілігі, жауапкершілігі мен кәсіби өсуге деген ұмтылысының арқасында биыл бөлімше командирі лауазымына тағайындалды.
Әріптестері оны адалдығы, көшбасшылық қабілеті және күрделі жағдайларда шұғыл шешім қабылдай білетіндігіне қарай жоғары бағалайды. Ол өз мамандығына шын берілген жас құтқарушылардың жарқын үлгісі.
Мақсат бос уақытын үнемі спортқа және кәсіби дамуға арнайтынын да айта кеткен жөн.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП