Қаржы жинауға телефон қосымшалары көмектеседі
Мобильді қосымша бүгінгі таңда адамға көптеген мүмкіндік береді. Бірі ғаламтор арқылы қаржыны басқарса, енді бірі салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Мобильді қосымша көмегімен жұмыстың жартысын аяқтап үлгереміз. «Теңге – тиыннан құрылады» демекші, біздің қаржымызды басқаруға және ақша үнемдеуге көмектесетін көптеген мобильді қосымшалар бар.
Инвестициялар мен шығындарды бақылаудан автоматты жинақтау мен ұзақ мерзімді жоспарлауға дейін бұл қолданбалар қаржылық мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Бүгін біз жинақтарыңызды тиімді басқаруға көмектесетін 3 үздік мобильді қаржы қолданбасын қарастырамыз. Бұл қосымшалардың пайдасы өте зор. Біріншіден плей маркеттен немесе абстордан жүктеп аласыз. Сосын кірістеріңіз бен шығыстарыңызды жазып жүресіз.
«Monefy» – ең танымал мобильді қаржы қолданбаларының бірі. Бұл сіздің шығындарыңыз бен кірістеріңізді бақылауға, бюджет жасауға, несие картасы мен шот бойынша берешек туралы хабарландырулар алуға және қаржылық әдеттеріңізді талдауға мүмкіндік береді. Қосымша сонымен қатар қаржылық мақсаттарыңызға жетуге көмектесу үшін түрлі ұсыныстарды ұсынады. Monefy қолданбасының интерфейсі өте ыңғайлы болғандықтан, пайдаланушы негізгі экранда бірден қажет нәрсенің бәрін көреді. Шығындарды санат немесе уақыт кезеңі бойынша бөлуге болады. Кірістірілген калькулятордың көмегімен статистиканы талдау және бюджетті есептеу ыңғайлы.
«CoinKeeper» – бұл кірістер мен шығыстарды бақылаудың көп функционалды құралы ретінде ұсынылатын өте сапалы және пайдалы қолданба. Тегін нұсқада стандартты функционалдылық санат бойынша шығыстар мен кірістерді қолмен енгізеді. Ал ақылы нұсқасында мүмкіндіктер әлдеқайда көп. Сондай-ақ шығындардың белгілі бір санаттарына шектеулер қоюға, әртүрлі валюталарды есепке алуға, төлемдерді жоспарлауға және қолданбаны басқа телефондармен, планшеттермен және компьютерлермен синхрондауға болады. «Wallet» – ақша, бюджет, қаржы және шығыс есебі.
Бұл ұзақ мерзімді жоспарлау мүмкіндігі бар қаржылық есеп бағдарлама. Ол көптеген пайдалы мүмкіндіктері бар стратегиялық қосымша ретінде орналастырылған. Бұл бүкіл әлем бойынша 4000 банкпен синхрондалатын нағыз халықаралық бағдарлама. Ерекшеліктері мен артықшылықтары: банктерден ақпаратты импорттайды, мәліметтерді кестелерге экспорттайды, мультивалюталық интерфейс және ақылды операцияны басқару. Бағдарлама қаржыны дәл бақылауға мүмкіндік беретін егжей-тегжейлі есептер береді.
Жоғарыда аталған мобильді қосымшалар баршамыздың қаржымызды үнемдеуге, оны жинауға, кіріс пен шығысты есептеуге үйретері анық. Бүгінгідей нарық заманында қалтадағы ақшаңа абай болып, тез жаратылып кетпеуден сақтау қажет. Ақшасы көп адам бай емес, ақшаны жинап сақтай білетін адам бай екенін естен шығармайық.
Аяулым РАХЫМБЕК
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.