Айран-сүттің бұлағы болып отыр

Жуалы ауданының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ аудан әкімі Жалғас Мұртазаның айтуынша, осы жылдың өткен бес айында өңірде 19234 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, ол былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (18770,7 млн.теңге) 2,4 пайызға өскен. Ал бұл кезеңде өнеркәсіп көлемі 7789,6 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 97,4 пайызға орындалған. Ал жарты жылдықтың қорытындысымен 8 миллиардқа жетіп, 100 пайыз орындалуы болжануда.