Жамбылда не жаңалық?

Жамбыл облысында автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28 миллиард теңге қарастырылған

The final spritzer

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Жиында ең әуелі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов баяндама жасады.

Айта кетейік, биыл облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге биыл 28 миллиард теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға барлығы 181 жоба іске асырылып, 470,3 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеумен қамтылады деп күтілуде. 

Атап айтқанда, Тараз қаласы «Барысхан», «Бұрыл А, Б, В» алқаптарына 17,7 шақырым жол салынады. 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады. 444,6 шақырым жол (62,1 шақырым – облыстық маңызы бар, 50 шақырым – аудандық маңызы бар автожол, 332,5 шақырым – елді мекен көшелері) орта жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек 8 көпір мен 2 жол өткелін салу көзделген. Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 4 миллиард теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады. Бүгінде 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тас жолдардың сапасын бақылаумен қатар, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізуді де іске асырады. Бұдан бөлек мамандар жолдардың көліктік және пайдалану жағдайын анықтау шаралары жүргізеді. Аталған кәсіпорынның облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, жолшылар осы жылдың мамыр айында 40 нысанға 53 рет іссапармен шығып, 147 жол-құрылыс материалдарынан сынама алған. Сондай-ақ олар осы кезеңде 103 материалды сынақтан өткізіп, оның ішінде 42-сінен сәйкессіздік барын анықтаған. Ал 61-не оң нәтиже беріліпті.