Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады

Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті. Акцияға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының “Адай” күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұрамызға деген құрметін көрсетті.