Ел жаңалықтары

Тоқаев 66 БАҚ өкіліне пәтер сыйлады

The final spritzer

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАҚ саласының бірқатар қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Dara» Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада масс-медиа саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай және «Dara» қорының жетекшісі Мұхамедқали Тауан салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Руслан Желдібай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының медиа саласына көрсетіп отырған қолдауын атап өтті:

Пәтер сертификаттарына «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы, «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС, «ЕВРАЗИЯ+ОРТ» ЖШС, «Atameken Business» медиахолдингі, Tengrinews және басқа да медиа ұйымдардың қызметкерлері ие болды.

Мүлікті өтеусіз беру шартымен 2023 жылы мемлекеттік бес БАҚ-тың 65 қызметкері пәтер алған болатын. 2024 жылы түрлі медиа құрылымдарда еңбек ететін 68 қызметкерге баспана берілді. Ал биыл ұлттық медиа кеңістіктің дамуына үлес қосып жүрген журналистер мен техникалық мамандарды қолдау мақсатындағы дәстүрі бойынша медиа саласының 66 өкілі жаңа пәтерге ие болды.