Аймақ

Мал қоңды болса төл алуда оңай болады

The final spritzer

Қазақта «Жазда шанаңды, қыста арбаңды сайла» деген халық даналығы тектен-текке айтылмаса керек. Осы бір үрдістен жаңылмай келе жатқан ауыл шаруашылығы құрылымдары биыл да ерте бастан-ақ қыс қамына кіріскен. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, алдағы мал қыстату науқанына 474,3 мың бас мүйізді ірі қара, 3,6 миллион қой-ешкі, 186,7 мың бас жылқы, 8,5 мың бас түйе түседі деп күтілуде.