Жаңалықтар

Қоғамды алға жетелеуші күш

The final spritzer

28-маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті БАҚ өкілдерін айтулы мерекесімен құттықтап, аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалын тұрақтандыруға айшықты үлес қосқан сала мамандарын марапаттады. «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде өткен салтанатты жиынға жергілікті басылымдар мен телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері мен республикалық БАҚ тың меншікті тілшілері қатысты. Жиында өңір басшысы облыстың даму көрсеткішінің артуында БАҚ саласының рөлі зор екендігін атап өтті.