Әлеумет

Алакөлдегі демалыс – көптің көңілінен шықты

The final spritzer

Білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелері мен олардың отбасы өкілдерінің сауықтыру шаралары жалғасын табуда. Биыл Алакөл жағалауына 500-ге жуық, ал Ыстықкөлге 1100 сала өкілі мен олардың отбасы мүшесін сауықтырумен қамту жоспарланған болатын.

«Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС директоры Ақжүніс Құрмашеваның айтуынша, Алакөл жағалауына демалыс ұйымдастыру шарасы басталып кеткен.

Меркі ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының мүшелерін аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәдина Болысбекқызы бастап барған. Ол Меркі аудандық кәсіподақ комитеті биыл әрбір кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік жағдайларын оңалту, сала өкілдерін ынталандыру, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған Алакөл жағажайына 50 білім қызметкері демалып, денсаулықтарын нығайтып жатқанын айтты. Сондай-ақ Т.Рысқұлов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Айнұр Баймұратова да кәсіподақ мүшелері үшін бұл сауықтыру шарасы ойдағыдай өтіп жатқанын жеткізді. Ал Мeркi aудaнындағы Ивaн Трубицын aтындaғы №17 орта мектептің қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнiнiң мұғaлiмi Бaлнур Қoғaбaeвa бұл сауықтыру шарасынан алған әсерімен бөлісті.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ