Жаңалықтар

Журналистерге айрықша сенім мен зор жауапкершілік жүктеледі

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізілген реформалар экономика саласында да өз жемісін беріп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы қазір арқаны кеңге салатын уақыт емес екенін айта келе, әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық ахуал шиеленісе түскеніне тоқталды.

Президенттің айтуынша, алмағайып, бұлыңғыр заманда, ең алдымен, ел бірлігін сақтап, басты байлығымыз – тұрақтылық пен тыныштықты бағалау қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға ақпарат саласының ардагерлері арнайы шақырылғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрге сай журналистерге Президент сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялады. Сонымен қатар медиа саласының өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттады. Іс-шарада журналистика саласының ардагері Шархан Қазығұл, «Казахстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.

 

аkorda.kz