Қарашөкеев жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсетті
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осы салада табысты еңбек етіп жүрген жастардың ата-аналарымен кездесті.23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осы салада табысты еңбек етіп жүрген жастардың ата-аналарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері мен сіңірген еңбектері үшін алғыс білдірді.

Бұдан соң, мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған 13 азаматтың ата-анасына облыс әкімінің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды. Кездесуде жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары сөз сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді. Бұл күні өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 4 446 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде жастардың үлесі 35,6 пайызды (817 адам) құрайды.