Аймақ

Мақсат – тұрғындардың мәселесін шешу

The final spritzer

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 23-27 маусымы аралығында облыста азаматтарды қоғамдық қабылдау бойынша апталық акция басталды.

Апталық аясында барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, құқықтық көмек көрсетеді. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту. Осыған орай құқық қорғау өкілдері Жуалы ауданына БАҚ өкілдерімен бірге барып, халықпен жүздесіп, құқықтық сауат жайлы ақпараттар берді.

Жуалы ауданында халық көп жиналды. Кеңес беруге облыстық білім, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, денсаулық сақтау басқармалары мен еңбек инспекциясы департаменті қатысты. Халықты жол мәселесі, баспанамен қамту, ауыз су, жарықтандыру мәселелері қызықтырды.

Сонымен қатар 2025 жылдың 24 маусымында сағат 10:00-де Жамбыл облысының прокуратурасында яғни, Тараз қаласы, Дулати көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша «Ашық есік күні» өтпек.

 

Жуалы ауданы