Жамбылда не жаңалық?

Династия: Президент жамбылдық Зайнулиндер отбасын марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде құзырлы органда династия қалыптастырып, табанды еңбек еткен бір әулеттің азаматтарына Алғыс жариялады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мән-маңызы мен салтанаты келіскен жиында 2022 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есенгелді Текебаевқа қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін Алғыс жариялады.