Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқалы отырысы өтеді

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Жиынға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысады.
Кеңейтілген отырыс барысында құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.