Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты
Алматы облысында алғаш рет «Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту» тақырыбында Егінжай күні өтті. Ауқымды іс-шараны Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.
Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Алматы облысының әкімі, халықаралық және отандық ғалымдар, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Жамбыл облысынан ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары және жиырмаға жуық шаруа қожалықтың жетекшісі делегация құрамында келіп, тәжірибе алмасты. Егінжай күнінің басты мақсаты – Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту, көміртекті секвестрлеу және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі инновациялық шешімдерді таныстыру, сондай-ақ органикалық секторды қолдаудың институционалдық тетіктерін талқылау.
Іс-шара аясында көміртекті және органикалық егіншілікті дамытудағы негізгі сын-қатерлер жан жақты сараланды.
Спикер баяндамасында көміртекті егіншілікті дамыту бойынша Академия айқындаған басым міндеттерді атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанда көміртекті және органикалық егіншілікті дамытуға арналған әрі ғылыми тұрғыдан негізделген шаралар мен оларды ұлттық деңгейде іске асыру тетіктерін қамтитын резолюция әзірленеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.