Биыл күзде Сарысуға газ келеді
Елу мыңға жуық сарысулықты сүйіншілеткен хабарды аудан әкімі Сәкен Мамытов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында бөлісті, деп хабарлайды аqjolgazet.kz
Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлының айтуынша, биылғы жылы Жаңатас қаласынан басқа 13 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мүмкін болмақ.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органның басшысы газ құбырларын аула ішіне халыққа тиімді бағада кіргізудің де бірыңғай тетігі қарастырылып жатқанын жеткізді.