Жаңалықтар

Кей елді мекенде жарық жоқ: әкімдік ресми ақпарат берді

The final spritzer

Облыстың кей елді мекенінде уақытша жарық болмады. Жергілікті атқарушы орган ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«2025 жылдың 19 маусымында Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы апатқа байланысты еліміздің өзге өңірлерімен қатар, Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде электр жарығы уақытша өшірілді. Қазіргі таңда апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Электр энергиясын тұтыну бойынша шектеулер алынып, жарық кезең-кезеңімен берілуде.Облыс тұрғындарын түсіністікпен қарауға, сабырлық танытуға, тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз!», – делінген Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.