Жұмысшы мамандықтары жылындағы іс-шаралар легі қалай өтуде?
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен штаб отырысы өтті.
Жалпы өңірімізде жұмысшы мамандықтары жылы жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Ал олардың 70 пайызы облыстық білім басқармасының құзырында екен. Жиында әуелі облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков сөз алды.
Айта кетейік, басқосуда облыстық ақпарат және қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары да баяндама жасады. Десе де, Серік Жақсылықұлы олардың жауаптарына қанағаттанған жоқ. Сол себепті, штаб отырысының осы тақырыбы келесі аптаға қалдырылды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА