Жаңалықтар

«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары ұйымдастырылды

The final spritzer

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемеде “Қақпа алдындағы кездесу”әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл күні бірден үш сотталған азамат бостандыққа шықты. Оларды қарсы алуға туған-туыстары, жақындары мен достары келді — олар ұзақ уақыт бойы күтіп, қолдау көрсетіп, сенім артқан жандар. Іс-шараға сондай-ақ пробация қызметінің және Мансап орталығының өкілдері қатысты. Олар босап шыққандармен әңгімелесіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және жұмысқа орналасуға көмектесуге дайын екендерін жеткізді. 
 “Қақпа алдындағы кездесу” жобасы жаңа өмірге алғашқы қадамның қолдау мен сенімнен басталатынын дәлелдейді.

Бұл – сотталған азаматтардың еркіндіктің қадірін ұғынып, түзелу жолына түсуі үшін мекеме қызметкерлері атқарған үлкен әрі маңызды жұмыстың нақты көрінісі.

Ақерке БИҒАБЫЛ,

М.Х. Дулати атындағы университетінің 3-курс студенті