Ақордада ауыс-түйіс: апта басында қос тағайындау

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың Баспасөз қызметі
Тиісінше аталған стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына Жандос Нұрланұлы Шаймарданов тағайындалды.
Сондай-ақ, Президенттің өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.