Жамбыл облысында 32 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Бұл туралы Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жаңа форматтағы жиынға жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдары басшылары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым белсенділері, сондай-ақ, еріктілер мен педагогтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Келелі басқосу барысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі мен алаяқтыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және осы жұмысқа өңір тұрғындарын тарту шаралары талқыланды.
Іс-шараның соңында қылмысқа қарсы күресте белсенді қатысқан арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, журналистер, педагогтар, спортшылар және өңір тұрғындары прокурор тарапынан алғыс хаттарымен және «Ең қауіпсіз ауылдық округ», «Үздік психолог», «Үздік учаскелік инспектор», «Үздік адал кәсіпкер», «Үздік ерікті», «Үздік тергеуші» және «Үздік жедел уәкіл» номинациялары бойынша жеңімпаздарға естелік кубоктармен марапатталды.