Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Биыл отандастарымыз "Астана күніне" орай 3 күн демалады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Биыл "Астана күні", яғни 6 шілде жексенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс 7 шілдеге ауысады. Осылайша қазақстандықтар 5,6,7 шілде күндері демалады. Жалпы, шілде айының күнтізбесінде 9 демалыс күні бар.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.