Ертегі тыңдаған бала елді ойлайды

Жас ұрпаққа тәрбие берудің түрлі жолы мен жөні бар. Оларды өнерге, спортқа баулу бір бөлек қажеттілік болса, халқымыздың құндылықтарына жетелеу өте маңызды. Бұл ретте Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының атқарып жатқан істері ауқымды.
Аталған кітапхана Тараз қаласындағы №13 «Бөбекжай» балабақшасына барып, бүлдіршіндерге «Әжемнің ертегісі» атты шеберлік сабағын өтті. Іс-шараны аталған балабақшаның меңгерушісі Гүлжазира Тойшыбекова ашып, барлық қамқорлық балаларға жасала беретінін айтты. Мұнан соң Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Зерде» әжелер клубының жетекшісі Жанат Әуелева балаларға ертегі оқып берді.
Атап айтқанда, «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Бір үзім нан» ертегілерін бүлдіршіндер қызыға тыңдады. Жанат Бектұрғанқызы балаларға түрлі сұрақ қоя отырып, ертегіні барынша қызықты баяндады. Балалар ертегі әлеміне қызығулары арқылы қазақы құндылықтарды да қабылдай бастағаны анық. Мұндай балалар ертең тәрбиелі де, тәртіпті болып өсетіні де жасырын емес.
Баланы ұялы телефоннан алыс ұстаудың бір жолы да осы – ертегі, қызықты әңгімелер. Яғни, баланың көңілін ұялы телефоннан басқа бағытқа аудару. Кітапхана қызметкері оқыған қызықты ертегі балаларға ғана емес, тәрбиешілер мен барша ұжымға ұнады.
Балабақша балалары «Қамажай» биін билеп, «Ертегі әлем» әнін хормен шырқады. Сонымен қатар балалар тақырыбына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шараны балабақша меңгерушісі Гүлжазира Мыр з акелд і қызы қорытындылап, келген қонақтарға әсерлі ертегілері үшін алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ