Доллар неге көтеріле береді?

Төл теңгеміз әлсіреп, доллар көтеріліп барады. Дәл бүгінгі күні 1 доллардың құны 508,76 теңгені құрап тұр. Күні кеше ғана мамырдың соңында АҚШ доллары үн-түнсіз шарықтап кетті. Бұған доллармен жинағандар қуанбаса өкінбеді. Ал қарапайым халықтың бұдан ұтары жоқ. Алтынның, пәтер бағасы да құтырып шыға келді. Алтынның бір грамы қазан айында 30 323 теңге болса, бір айдан соң бұл баға 36 мың мен 43 мыңның арасын құрады. Яғни бір тәулікте алтынның бағасы екі-үш есеге қымбаттады. Теңге неге әлсіреді? Доллардың қымбаттау себебі неде? Анықтап көрейік.
Қанша жерден даурықпайық десек те дәл осыны күтіп отырғандай ірі мегаполистерде үйдің құны және жалға алушыларға пәтер ақысы қымбаттап шыға келді. Әрі доллар да тұрақтап тұрған жоқ. Ол әлі де өседі. Бұл сөзді экономистер растап отыр. Қаламыздағы экономист маман Айсана Тымбаеваның сөзіне құлақ түрейік.
Қаржы маманы Айсана Тымбаева экономиканы қалпына келтіру үшін ішкі және сыртқы туризмді дамыту керектігімізді де тілге тиек етті. Үшіншіден, мұнай мен металлургия саласын және су, жер мен электр желілерін реттеп, үнемге көшсек дегенді айтты. Бұдан соң біздер ақша айырбастау пункттерін аралап көрдік. «Мост», «Султан и К», «Қазына 08», «Евро Тараз», «Казпочта», «Нурбанк», «Фридом финанс Казахстан» бәрінде 508 бен 513 теңгеден долларды қабылдап сатып алып, сыртқа 523 теңгеден сатып жатыр екен.
Ол мұнда қарапайым қызметкер, қаржы маманы. Көбіміздің жалақымыздың тең жартысын азық-түлікке жұмсайтынымыз өтірік емес. Енді халық күнделікті ішіп, жеп отырған өнімдерінің шарықтап кетпеуін тілеп отыр. Көршім Бақыт Сәрсенбиеваның жасы 67-де. «Дәмді себет» дүкендер желісінен барып тек акция кездерінде ғана керек-жарағын әкеп алады.
Ел ішінде шетел валютасына сұраныс артқан. Ұлттық Банк теңге бағамының тұрақтылығы мен валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге 1 миллиард доллар жұмсалатынын айтты. Доллар өскенімен, әзірге нарық бағасы тұрақты. «Үйдегі сауданы базардағы баға бұзады» дегендей, азық-түлік пен тарифтердің, жанармайдың бағасы бір орнында тұр. Егер шикізат пен өнім өзімізден болса, делдалдар ашкөз болмаса баға да тұрақты болар еді.
Альмира КЕРІМБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.