Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынғандығы туралы ақпарат тарады
Күні кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылған Руслан Жақсылықов қамауға алынды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
"Выход к правде" телеграм-арнасының мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған.
Полиция департаменті әзірге пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды