Жан-жақты сауалға – салмақты жауа

Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық кеңес беру алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараны облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.
Алаңның басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламалар туралы, оның ішінде тұрғын үй мәселесі, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие жайлы, қайтарымсыз грант, жастар тәжірибесі және алғашқы жұмыс орны туралы ақпараттар тарату. Ақпараттық кеңес беру алаңына облыстық полиция департаменті мен Әділет департаментінің мамандары, жеке сот орындаушылары, заңгерлер, адвокаттар, «Еңбек мобильдігі орталығы» мансаптық орталығы мен «Отбасы банк» филиалының өкілдері қатысты. Олар келушілердің сауалдарына жауап беріп, нақты кеңестер ұсынды.
Шараға қала тұрғындары, жастар, студенттер, волонтерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Мұндай кеңес беру форматындағы кездесулер халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді.
Альмира КЕРІМБАЕВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.