Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Хабарландыру
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма үшінші сессиясы 2025 жылдың 18 маусым күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
2. Облыста орман және жануарлар дүниесін күзетудi, қорғауды, молықтыруды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
3. Әртүрлі мәселелер.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 18 маусым күні сағат 14:30 да басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2025 жылдың 18 маусымда сағат 10:00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма үшінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» ютуб платформасы арқылы көре аласыздар.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың төрағасы.