Жаңалықтар

10 маусымда кезекті Үкімет отырысы өтеді

The final spritzer

Ертең, 10 маусым күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Күн тәртібінде өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын толық цифрландыру және Қазақстанға келетін туристерге қолайлы жағдайлар жасау мәселелері қаралады.

Үкіметтің ресми хабрламасында айтылғандай, отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына: ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин қатысады.

 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.