Саз сырласқан самал жел

Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жеңіс саябағында «Саз сырласқан самал кеш!» атты акустикалық кеші өтті.
Ашық аспан астында өткен бұл кештің мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, өнерге деген сүйіспеншілігін ояту, музыкалық талғамын дамыту және талантты жастарды қолдау болды. Кеш «Қарақат» мектеп студиясының жетіген ансамблінің орындауындағы әсерлі әуенмен басталды. Ұлттық нақыштағы сазды күйлермен ашылған кеш көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше атмосфераға бөледі.
Одан кейін алаңға өңіріміздің жас өнерпаздары шығып, жанды дауыста патриоттық, лирикалық және авторлық әндерді гитара, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен орындады. Әсіресе, ұлттық өнер мен заманауи музыканың үндестігі кешке көркемдік әр берді. Жас домбырашылардың орындауындағы халық күйлері мен эстрадалық композициялар көрермендер тарапынан ыстық ықыласпен қабылданды.
Шара соңында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресуртық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Ринат Ақәділ кеш туралы:
Жанды дауыстағы әсерлі әндер көрермен мен орындаушылар арасындағы жылы байланысты күшейтіп, кешті шынайы эмоцияға толы, музыкалық үндестікке айналдырды. Шараға жастар, қала тұрғындары, шығармашыл ұжымдар мен қонақтар қатысты.
Аружан СҰЛТАНОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.