Декларация тапсырдыңыз ба?

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы мемлекеттік кірістер органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Енді жалпыға бірдей декларациялау бюджет қызметкерлеріне – мұғалімдерге, дәрігерлерге, спорт және мәдениет, сондай-ақ квазимемлекеттік және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты болады.
Мәліметтерді уақытылы ұсынбағандарға әкімшілік айыппұл салынады. Декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған санаттағы адамдар Қаржы министрлігі бекіткен 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ғана ұсынады. 250-нысанды декларация бұл бастапқы декларация. Игілігіңізде бар барлық мүлік пен ақша осы декларацияға бекітілуі керек. Бұл мәліметтердің бәрі кейіннен қажет болады. Мәселен, ертең автокөлік сатып алғанда мемлекет «қандай ақшаға сатып алдыңыз, оны қайдан алдыңыз?» деп сұрайды.
Егер сіз қазір растайтын болсаңыз, яғни сізде бірінші декларацияны тапсыру кезінде осындай сомаға мүлік тіркелген болса, онда сіз бұл ақшаның қайдан келгенін дәлелдей аласыз. Егер ақшаның қайдан келгенін дәлелдей алмаса, он да соманың 10 пайызын төлеуге тура келеді. 250-нысанның декларациясы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген күнге барлық активтер мен міндеттемелерді тіркеуге арналған болса, 270-нысанның декларациясында өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін көрсету қажет. Онда өткен жылы не сатып алынғанын және не иеліктен шығарылғанын көрсету маңызды.
Бірінші жылы яғни, кіру декларациясына не тапсырасыз? Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлнұр Абдалиева айтты.
Ал осы 2025 жылдан бастап нақты меншігіңізде не бар, үй ме, көлік пе, кіріс пен шығыс, табыс, әлеуметтік жәрдем бәрін көрсетіп тұрып 270-нысан бойынша тапсырасыз. 270-нысанның декларациясында өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін көрсету қажет. Онда өткен жылы не сатып алынғанын және не иеліктен шығарылғанын көрсету маңызды. Жоғарыда айтқанымыздай, декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші ретін де 15 айлық есептік көрсеткіш, толық емес мәліметтерді көр сеткені үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Декларацияда Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі мүліктер көрсетілуі керек. Бұған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлес, бағалы қағаз дар, туынды қаржы құралдары, инвес тициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, қолма-қол ақша, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі және жеке тұлғаның бас қа тұлғалар алдындағы берешегі жатады. Сондай ақ декларацияда сенімгерлік басқаруға берілген мүлік көрсетіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан декларациялаудың төртінші кезеңі енгізіліп, заңды тұлғалар дың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы декларациялауға жатады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА