Аймақ

Жүз мың адам дауыс берген сайыстың бас жүлдесі кімге бұйырды?

The final spritzer

Жуырда Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін XX «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығының фестивалі өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам бала қатысты. Оның ішінде 250 бала вокал, хореография, аспаптық орындау және ым ишарамен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды. Фестивальдің ашылуында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бұл байқаудың еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты балаларды біріктіретін маңызды шара екенін атап өтті. Ол жиналғандарға Премьер министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтің құттықтау хатын оқып берді.