Жаңалықтар

Тараздағы жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары қашан аяқталады?

The final spritzer

«Қыстың қамын жаз ойла» деген қағиданы қаперге алатын болсақ, осы кезден жылыту маусымына дайындықты пысықтаған жөн. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру жұмыстарының барысы кеңінен қаралды. Жалпы, облыста жылыту маусымы 14 сәуірде аяқталып, бас-аяғы 181 тәулікті құраған. Бұл туралы басқосу барысында облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Алтышев мәлімдеді. Оның сөзінше, отын-энергетика кешендерімен жалпы 1,1 миллион гкал жылу энергиясы өндіріліпті.