Жаңалықтар

Әп-әдемі саябақтың сәнін бұзып...

The final spritzer

Негізі Тараз – таза қала. Бірақ жастардың тазалыққа аса көңіл бөле бермейтіні өкінішті. Бұлай деуге себеп те жоқ емес. Қарап тұрсақ, көп жағдайда саябақтар мен аллеялар мерекеден кейінгі күндері күл-қоқысқа толып кетеді. Оған жұмысқа жаяу шыққан мен «Жеңіс» саябағы тұсынан өтіп бара жатқанда тағы да көзім жете түсті. «Даңқ залы» артындағы күл-қоқыстың жиналып қалғанына да біраз күн болғаны көрініп ақ тұр. Төгілген күл-қоқыс созыла-созыла «Даңқ залы» ғимаратына да жететін болыпты. Одан ұшқан күлек қалталар мен пластик құтылар тоғай ішінде шашылып жатыр. Әрі ол арада қаңғыбас иттер де толып жүр.

Таң атпай көше сыпырып, «Жеңіс» саябағының ішін тазалап жүрген Мұрат есімді жігітпен тілдестім.

Осыдан жарты ай бұрын газетіміздің №52 санында «Қаңғыбас иттер біздің дәрменсіздігімізді біліп қайқаңдап жүргендей...» атты мақала жарық көрген еді. Бүгін де алдымнан сол бір топ ит «мені көрдің бе» дегендей қоқыстың айналасынан табылып, қайқаңдап шыға келді. Амалсыз аялдап, артымнан ілескен жолаушыны күтуге тура келді.

Адам қарасы көбейгенін байқаған иттер орындарынан тұрып, ағаш арасына сіңіп кетті. Жалпы, «Даңқ залы» артындағы күл-қоқыс тастайтын орынның айналасындағы ағаш арасында шашылып жатқан күлек қалта мен тәтті қағаздары біраз жерге желмен барғаны көрініп ақ тұр.

Жалғыз «Жеңіс» саябағы емес мұндай көріністерді облыстық полиция департаменті іргесіндегі «Желтоқсан», «Қайрат Рысқұлбеков», «Жастар» аллеясы мен саябақтарынан да кездестіресің. Олардың қазіргі келбетіне қарап, саябақтар мен аллеяларға қала билігі тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын аңғару қиын емес. Мәселен, «Жеңіс саябағы» мен «Жастар» саябағындағы гүлзарлар бірнеше жылдан бері мүлде қараусыз қалған. Күл-қоқыс тастайтын жәшіктер аузы-мұрнынан шығып, төгіліп жатады.

Біз бұл мәселе бойынша «Жасыл ел – Тараз» мекемесіне қарасты демалыс орындары және көше тазалығын сақтау учаске меңгерушісі Арайлым Арыстановамен сөйлестік.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы