Әулиеата енді өз әйнегімен әйгілі болмақ

Облыс орталығына жақын жатқандықтан болар, Байзақ ауданында шағын және орта кәсіпкерлік жақсы жолға қойылған. Міне, соның бір айғағы ретінде кеше Үлгілі ауылдық округінде ашылған «JS CLASS» шыны өңдейтін зауытын айтсақ болады. Аталған жаңа зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.